Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Қашықтықтан білім алу үшін Moodle батырмасын басыңыз. Қандай да бір сұрақтар туындаса төмендегі телефондарға хабарласыңыздар:(Call center)

Жаңалықтар

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


2021-2022 оқу жылының I жарты жылдығындағы Емтихан кестесі

22.01.2022

Жүктеп алу

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

МУЗАСЫ - АДАМДАР ТАҒДЫРЫ

28.12.2021

Оқу ордамызға Санжар Ғұлама келді. Тәйірі онда тұрған не бар дейтін шығар біреулер, күнде көріп жүрген Санжар ғой деп. Мұхтар Шаханов келгендей сүйіншілегені несі дер екінші біреулер, Мұхаңдай биіктерді әлі бағындырмады деп. Мінекей осы "әлі" дегенде үлкен гәп бар. Санжар поэзия әлеміне нық қадамын енді басып, оқырманын күннен-күнге көбейтіп келе жатқан жас дарын. Әлеуметтік желілердегі оқырмандарының күн санап көбеюі соның айғағы. "Менің музам - өз тағдырым, одан қалса айналамдағы таныстарымның өміріндегі орын алып жатқан оқиғалар" деп ағынан жарылған ақын өлеңдерінің көпшіліктің жүрегінен орын алуының да басты себебі осы. Өз өмірінің қилы сәттерін шебер суреттеуі, өзгелердің жеке өміріндегі толғаныстарына бейжай қарамай өзінікіндей қабылдап, оқырманына әсерлі жеткізуі Санжар Ғұламаны жаңа биікке шығарып отыр. Мұны кешегі кездесуде залдағы жастардың эмоциясынан байқап отырдық.
Санжардың өлеңдерінен студенттеріміз поэзиямен танысты, рухани азық алды, адам көңілінің сұлулығына қанықты. Қандай да жағдай болмасын қиындықтармен күресіп, алға ұмтылуға мотивация алды. Жастарды тәрбиелеу жұмысында мұндай кездесулердің берері көп.
Кездесуімізге қатысқан қарымды журналист Ақмарал Ғаниқызына алғысымыз шексіз!
Санжар ақынға толағай табыстар тілейміз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Әсия Керімқұлдың ұйымдастыруымен "Жас маманға көмек - заман талабы" атты жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізді.

20.12.2021

2021 жылы 20.12 күні колледж әдіскері Әсия Керімқұлдың ұйымдастыруымен "Жас маманға көмек - заман талабы" атты жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты - жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету, іс-тәжірибемен алмасу және әдістемелік көмек көрсету. Жас мамандарға жаңа инновациялық технологияларды сабақ үрдісінде қалай пайдалану жөнінде мағлұмат бере отырып, тәлімгер жас маман арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту мақсатында кеңестер айтылды. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелі ұстаздардан үйретіндерінің көп екенін, өткізіліп отырған семинардың берері мол екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар

Мамандықтар